Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдарында қандай қиындықтарға тап болса да рухы мен үміті жанып, алыстан бағдар сілтеп жымыңдайтын да тұратын Темірқазық сынды жұлдыз тұлғалар болады. Қазіргі кез келген қазақ баласы үшін, барша қазақ халқы, тіпті бүкіл адамзат ұрпағы үшін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сондай тұлға. Ілияс Омаров дәл айтқандай, «тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы» …