
Кездесу барысында еліміздің жаңа Конституциясының маңызы, оның қоғамдағы заң үстемдігін нығайтудағы және демократиялық қағидаттарды дамытудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы және мемлекет пен қоғамның үйлесімді дамуына қосатын үлесі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Іс-шара барысында сөз алған спикерлер жаңа Конституцияның басты мақсаты – әділетті қоғам құру, халықтың мүддесін қорғау және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру екенін атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың ел өміріне белсенді қатысуының маңызы, қоғамдық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері де сөз болды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Мекеме қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, тақырып төңірегінде пікір білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы маңызды мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік беретіні айтылды.
