Биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейлі белесі 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Бұл егемендігіміздің елең-алаңынан бері оны табысты басқарып, тәуелсіздігіміздің туын тіктеп, іргетасын бекемдеген Тұңғыш Президентіміз – Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екендігі талассыз.
Тәуелсіздіктің ең алғашқы күнінен бастап біз бірлік пен ынтымақтың туын биік көтеруді мақсат тұтып, Отанымыздың тағдыры үшін жауапты болу –әрбір қазақстандықтың міндеті екендігін ұғындық. Қиындықтарға мойымай, тағдыр тауқыметін тең көтерген бірлігі бекем қазақстандықтар Мәңгілік елдің іргетасын қалады.
Тәуелсіздік – біздің баға жетпес байлығымыз, ата-бабамыздан ұрпаққа аманат етілген мәңгілік мұрамыз. Оны көзіміздің қарашығындай сақтау, қастерлеу, бағалау баршамыздың басты борышымыз. Отанға деген құрмет – Отанға деген махаббаттан бастау алады. Сол үшін жас ұрпақты жастайынан отансүйгіштікке тәрбиелеуге тиіспіз.
Осы мақсатта жұмыс істеп келе жатқан «Үлкен Ақсу» бастауыш партия ұйымы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әртүрлі іс-шаралар, көздесудер, танымдық сағаттар, қайырымдылық акциялар мен насихатау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мысалға, Ғ.Садвақасов атындағы орта мектебінде «Үлкен Ақсу» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік шараны айтуға болады. Шарада Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиеті насихатталып, ерлік, егемендік жайлы әндер шырқалды. Тәрбиелік мәні зор құттықтау, тілектер айтылды. Қысқасы, іс-шараға шақыртылған қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Осы қарқындағы жұмыстардың жалғасы ретінде ауылдық округімізде жастар арасында «Игі істер марафоны» атты қайырымдылық акция, челендждері қолға алынды. Айта берсек, мұндай шаралар біріне-бірі жалғасып кете береді…
Тоқсан ауыз сөздің тоқ етеріне келсек, бірлігіміз бекем болса – Мемлекетіміздің болашағы жарқын болары анық. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жеткен ынтымағымызды жоғалтпайық! Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы құтты болсын!
А.ҚУРБАНИЯЗОВ,
«Үлкен Ақсу» БПҰ төрағасы