Басты бет Ата Заң Коалиция мүшелері медицина қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері медицина қызметкерлерімен кездесті

0
23

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Үлкен Ақсу ауылындағы медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Коалиция мүшелері Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені жаңа редакцияда нақты бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.

Сонымен қатар жобаға сәйкес Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатыны және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітілетіні айтылды.

«Жаңа Конституция – әлеуметтік міндеттемелерді нақтылайтын, билікті институционалдық тұрғыдан шектейтін құжат. Денсаулық сақтау саласының кепілдіктері сақталады, ал Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін бақылап отырады. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз ететін жүйелі реформа», – деді коалиция мүшесі Әлия Ақжолтайқызы.

Медицина қызметкерлері кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Ұйғыр этномәдени орталығының мүшелерімен  «Бірлік, диалог, даму: конституциялық жаңғыру жолы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық диалогты дамыту, сон…