Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

0
304

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық аякциясы негізінде профилактикалық шара жүргізілді. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Александр Пархоменка айтты.

22-28 шілде күндері  өңірдегі сауда нүктелеріне  тексеріс жүргізілді.  Мақсат- өрттің алдын алу. Акция аясында ақпараттық түсіндіру  шараларымен  728  кәсіп иесі қамтылды.  Сондай-ақ Алматы облысының ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 4 өртке қарсы  оқу-жаттығу өткізілді.

Баспасөз-мәслихаты барысында спикер, сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау аса қажет екенін еске салды.
«Өрт сөндіру құралдары әр нысанда болуы керек. Істен шыққан электр сымдарын пайдаланбаған абзал. Эвакуацияға арналған қосалқы есік болуы тиіс», — деді спикер.

Айта кетейік, облыста барлығы 68 ірі сауда кәсіпорны орналасқан, оның ішінде 2 сауда-ойын-сауық орталығы, 49 сауда үйі және 17 әмбебап базар бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…