Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков айтты.
4 жылдықтың басты додасында Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды. Олар 3 спорт түрінен Олимпиада ойындарының лицензия иегерлері атанды.
«Лицензия алған спортшылар саны бойынша Алматы облысы Республикалық рейтингте 6 орында. Олимпиада ойындарында Алматы облысынан стенд атудан – Әсем Орынбай, Едуард Ещенко, Дмитриенко Мария, оқ атудан – Чирюкин Никита, грек-рим күресінен Демеу Жадраев сынға түседі»,-деді Ерболат Сарабеков.
Баршаға мәлім, XXXIII жазғы олимпиада ойындары 26 шілде — 11 тамыз күндері аралығында Париж төрінде өтеді.
Аймақтың оғландары бақ сынаған спорттық сайыстар қатары олимпиадамен шектелмейді. Күні кеше 25 маусым – 7 шілде күндері аралығында Якутия қаласында VIII Халықаралық «Азия Балалары» спорттық ойындарына өңірден 7 спорт түрінен 9 спортшы қатысты. Ауқымды іс-шараның қорытындысы бойыншы Алматы облысының спортшылары 2 күміс және 2 қола медальдарға ие болды.
Алматы облысының спортшылары Республикалық және Халықаралық жарыстарда жалпы саны 1344 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, 482 алтын, 384 күміс, 478 қола жүлде қанжығаға байланды.
Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін, спротшылар көзге түсетін тағы бір ауқымды шара — V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Спикердің айтуынша, халықаралық деңгейдегі дүбірлі додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсетуге Алматы облысының 11 спортшысы үміткер.
Жоғарыда аталған жетістіктердің негізі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижиесі, дейді Ерболат Сарабеков.
« Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бюджеттен 14,9 млрд. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын үздік спортшыларды ынталандыру мақсатында, аймақтағы 239 спортшыға 51 000 — 500 000 мың теңгеге дейінгі аралықта Алматы облысы әкімдігінің стипендиясы төленуде»,- деді Ерболат Сарабекұлы.
Алматы облысында «халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 49%-ды құрайды. 2024 жылдың соңына дейін 50,2 % жету жоспарланған.
Қазіргі таңда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы «Ангар» үлгідегі спорт кешенін салу бойынша жұмыстар жүгізілуде.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ
Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің спорт залында «Алматы облысының оқу-ағарту жән…