МЫЗҒЫМАС ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

0
20

Құрметті аудан тұрғындары!

Бүгінгі Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл халқымыздың мерейін асырып, отандастарымызға ерекше рух беретін еліміздің ең ұлы мерекесі.

1990 жылдың 25 қазанында Тәуелсіздік туралы декларацияны қабылдай отырып,Осыдан 33 жыл бұрын  ата-бабамыздың  асыл арманын, ақ тілегін орындадық, Егеменді ел болдық! Осы егемендігіміздің шаңырағын шайқалтпай ұстап отыру біздің азаматтық борышымыз, ең қасиетті парызымыз!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытаудың төрінде өткен Ұлттық құрылтайда «Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символы», – деп, осы күннің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мемлекет Басшысы бастаған дәстүр бойынша биыл да Ұлттық мейрамда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімін өткізіп, тәуелсіздігіміздің айғағы мемлекеттің рәміздердің қадір-қасиетін асқақтаттық. Енді алдағы уақытта жыл сайын Республика күнін айрықша дәрежеде атап өтіп, тәуелсіздіктің баға жетпес құны мен тарихи маңызын ұрпақтың санасында жаңғыртып отыруымыз керек. Халқымыз үшін азаттықтан ардақты, байрақтан биік құндылық жоқ. Көк туымызды биікте желбірету, жеңістің тұғырында, әлемдік ареналарда, еліміздің тарихи жетістіктерінде желбірету біздің қастерлі парызымыз, азаматтық борышымыз.

Тәуелсіздіктің жарқын жылдарында біз әлем таныған Еуразия құрлығындағы бейбіт, көпэтносты, зайырлы және демократиялы ел ретінде өзімізді орнықтыра алдық. Қаншама дін өкілдерінің басын қосып, әлемдегі діни келісімнің арта түсуіне мұрындық болдық. Ядролық қарудан бас тартып, әлем елдері арасында баға жетпес бейбітшілікті насихаттадық. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізіп, алпауыт елдердің бас қосуын тарихқа енгіздік. Еліміздің де көрші мемлекеттермен сыртқы байланысын нығайтып, ішкі тұрақтылық пен татулықтың қазығын тереңге қақтық.

Құрметті жерлестер!

Бабамның қаны, анамның жасы сіңген, боз жусаны бұрқыраған, таулары сәукелелі, қойнауы құт, қоржыны ырысқа толы туған елімнің ертеңі еңселі, болашағы жарқын болғай! Мен Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде, туған еліммен жасты орда бұзған азамат ретінде отанымның тұтастығы мен бүтіндігі және халқымның амандығы мен жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп, қалтқысыз қызмет етуге дайынмын! Әрбір азаматтың көкірегінде елім деп жарқыраған сәуле болуы тиіс.  Республика күні жыл сайын тойланып, Ұлттық мереке бірлігімізді нығайтып, көшімізді кемел келешекке бастай берсін! Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін!

Мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі – Егемен еліміздің көк байрағы көкте желбірей берсін!  Ауданымыз өркендеп, еліміз гүлдене берсін!

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…