Басты бет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі НАМЫСЫМЫЗ ТАПТАЛМАЙ, РУХЫМЫЗ АСҚАҚТАСЫН!

НАМЫСЫМЫЗ ТАПТАЛМАЙ, РУХЫМЫЗ АСҚАҚТАСЫН!

0
69

(Аудан әкімі Бота Елеусізованың құттықтауы)

Егемен еліміз 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Әрине 1986 жылдың 16-17 желтоқсан күндері болған орталық алаңдағы оқиға жастардың намысы қайралып, рухтары асқақтаған күн деп есептеймін. Бостандық пен азаттық таңы жастардың жігерлері мен ұлттық рухтың арқасында атты. Тәуелсіздік күні отыз жыл бойы еліміздің басты ұлттық мерекесі болды. Бірақ заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, мейрам «ұлттық мереке» мәртебесінен айырылды. Енді ол мемлекеттік мереке және тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтіп келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәріміз тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек екенін атап өткен еді. Оның айтуынша, мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы. «1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге», – деді мемлекет басшысы өз сөзінде.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлығымыздың үлесіміз бар деп айта аламын. Аудан жұртшылығы да өзінің еңбекқорлығы мен шаруақорлығы арқасында өңіріміздің өркендеуіне атсалысып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 34 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай етіп жүрген біз бақыттымыз. Жаңа құрылыстар бой көтеріп, жолдарымыз жасалып, ауылдарымыздың ажары ашыла түскені де тұрмысымыздың жақсарып келе жатқандығының белгісі. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.

Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын!

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕЛТОҚСАН ШЫНДЫFЫ толық ашылған жоқ

Тәуелсіздік – киелі ұғым. Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға кө…