Бахар ауылдық округі тұрғындарымен «Адам құқықтары мен бостандықтары: Жаңа конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Конституцияның жаңа редакциясында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Кездесуде адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны айтылды. Сонымен қатар сот жүйесінің рөлін нығайту, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру мәселелері сөз болды. Бахар ауылының тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылады. Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді.
Басты бет Ақпарат ағыны Бахар ауылдық округінің тұрғындарымен «Адам құқықтары мен бостандықтары: Жаңа конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау» тақырыбында кездесу өтті.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» … -
Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы басталды!
📖 Акцияның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап сы… -
Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді
Құрметті аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан қонақтары! Сіздерді 25 қазан – …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» …
