Басты бет Спорт ОБЛЫСТЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ

ОБЛЫСТЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ

0
895

         Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын, халықтың жанкүйерлік рухын көтеретін, деннің саулығын нығайтатын көрсеткіш. Спорт – бейбітшіліктің елшісі деп жатады. Спорт арқылы ел мен ел табысып, танысып, достасып жатады. Елдің елдігін танытатын спорты мен мәдениеті.

Біздің ауданда спорттың барлық түрі дамыған деп айта аламыз. Жеке мен топ болып ойнайтын, яғни командалық, ұлттық түрлері биік деңгейде бағаланып келеді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейболдан жаттықтырушысы Саян Ахметовтың жаттықтырып жүрген оқушылары облыста екінші рет чемпион атанып қайтты. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арсында Қонаев қаласында өткен облыстың чемпионатында бас жүлдені қанжығаларына байлады. Бірінші чемпионатта додаға түскен бес команданы да 3:0 есебімен ойсырата жеңген олар екінші чемпионатта тағы да ешкімге дес бермеді. Топтық кездесуде Үшқоңыр,Талғар және Қонаев қаласының волейболшыларын жеңіп, ақтық жарыста Іле ауданы мен Райымбектің жігіттерін жеңді. Намысты қолдан бермеген волейболшы балалар Жантөре Азатұлы, Рахим Сайдахметов, Наил Керимов, Ерасыл Мұхаметжанов, Рахатәлі Турсунов, Бағжан Сәдікен, Таймыр Хамраев, Шахияр Зайнидинов, Шахидин Сайдалимов, Айбар Турдахун, Насыр Мансуровтар спорттағы жоғары көрсеткіштері үшін спорт шеберлігіне кандидат деген атаққа ие болысты. Ауданның спорт тарихында мұндай оқиға бірінші рет. Сондықтан балаларымыздың алар асулары мен бағындырар биіктері әлі алда дейміз. Спортты жандарына серік еткен жасөспірімдердің болашағы жарқын болғай. Спорт арқылы ең алдымен өздерін, сосын ауданымыз бен еліміздің атағын шығаратындығына сенеміз. Облыстың құрама командасына жеті бала алынды. Олар енді республика деңгейінде Алматы облысының намысын қорғайтын болады. Төгілген тер мен еткен еңбектің жемісін көру зор қуаныш. Балаларды спортқа баулып, олардың бойына намыс пен жігерлілік сіңіріп жүрген Саян Болатұлының жұмысына табыс тілейміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Спортты серік еткен

Жас буынның арасында бүгінде спортқа ден қойып, бос уақытын саламатты өмір салтына арнап, …