ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАҒАН ЕЛМІЗ

0
38

Құрметті жерлестер! Ұлттық мерекеміз 25 қазан – Республика күні құтты болсын!

Бүгінде татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, алған асулары жетерлік. Мемлекетіміздің дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты міндетіміз болып табылады. Ауданымызда еңбекқор, мәдениетті жандар тұрады. Екі ұлт өкілдері бір-бірімізбен татулықты ту етіп келеміз. Қазақстан деген ортақ үйімізде береке мен достықтың нәзік қылына сызат түсірмей, сыйластық деген ұлы сезіммен құдандалы, жекжатты болып, ұрпақ өсірудеміз. Отанымыздың гүлденуі мен өркендеуі үшін әрқайсысымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет. Біздің мемлекетіміздің басты байлығы – оның халқы. Бірлігіміз бен ынтымағымызды арттыра отырып, еліміздің мәртебесін жоғары көтерейік. Әр қазақтың жүрегінде Отанға деген шексіз махаббат, береке мен бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің әр азаматының армандары мен үміттері жүзеге ассын! Қазақ елінің әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтары сақталсын! Отанымызды сүю, оның мүддесін қорғау – біздің басты парызымыз. Бүгінгі күні елдігімізді, ұлттық бірлігімізді нығайту үшін әрбір азаматтың белсенділігі маңызды. Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің әрбір азаматына бақыт, денсаулық, табыс және еліміздің гүлденуі үшін аянбай еңбек етуін тілеймін!

Құндыз САБЫРБАЙ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…