Бүгін Ұйғыр ауданында «Антитеррор — 2018» оқу-жаттығу шарасы өтіп жатыр.
Бүгін Ұйғыр ауданында «Антитеррор — 2018» оқу-жаттығу шарасы өтіп жатыр.
«Аты жоқ ауыл» деген атпен шыққан мақаланың «кейіпкеріне» айналған Кетпен ауылдық округі де өз кемшіліктерін газет бетінен көрген соң бірден оны түзеткендерін айтып хабар жіберді. Ауыл әкімі Берік Шаймухаев тұрғындардың күшімен, өздерінің ұйымдастыруымен ең алдымен ауылдың аты жаңартылып жазылғандығын, кеңсе ішіндегі қызметкерлер кабинеттерінің атқаратын лауазымдары мен аты-жөндері де қалыпқа келтірілгені, «Илияр» балабақшасының атауы да заң талабына сай түзетілгендігін баяндады. Ауылдың …
Газетіміздің 6 сәуір 2018 жылғы 14 нөмірінде Тасқарасу ауылының санитарлық тазалығы, ажары, күл-қоқыстың ортасында қалған жағдайы жайлы жазған едік. Жалғыз Тасқарасу емес бірнеше ауылдар бар, сын тезіне іліккен. Өздері келіп, телефон арқылы өкпе-наздарын айтысқандар, сөзбен тайталасқандар да болды. Бізді газетке шыққан соң ғана ауылдарының тазалығына көңіл бөлгендері таңғалдырды. Оған дейін арнайы өкіммен тазалық айлары деп белгіленіп әр аптаның сәрсенбі, сенбі …
Аудан әкімдігінде өткен бас қосуды ашқан аудан әкімі Шухрат Нурахунов биыл мемлекеттік қызметтің 20 жылдығын атап өтетіндігімізді, соған орай ауданға ат басын бұрған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы, облыстық әдеп кеңесінің төрағасы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлының арнайы мемлекеттік қызмет жөнінде түсінік беруге келгендігін айтты. Серікбай Өрікбай-ұлы жалаң цифр немесе баяндама …
Аудан тұрғындарының күрмеуі көп мәселесі мен көкейдегі сауалдарын қанағаттандырып, қарашаның қауқары жетпеген құжаттама қиындықтарының шешілуіне бағыт-бағдар көрсетіп, тиімді әрі дұрыс жолын сілтеп жүрген аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына биыл он жыл толды. Осыған орай аталмыш мекеменің мерейтойына арналған салтанатты шара өтіп, ауданның жақсылары мен жайсаңдары және тұрғындары бас қосты. Салтанатты шарада ең бірінші халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының ішін аралап, …
Жер ананы бусандырған көктемнің тіршілік иесіне берері мол. Қыс бойы ақ қар астына тығылған өсімдіктер қайта бой көтеріп, жәндіктердің оянатын, тіршіліктің қайнайтын шағы осы кезден бастау алары да сөзсіз. Айналаны ақ қарға ораған қыстың қаһары қайтып, көктен күлімдеген күннің нұры мұздақтарды ерітіп, сай-саланың суға толатын кезі де көктем айлары екендігі анық. Бұл мезгілде жер бетіндегі тіршілік атаулыға жан бітіп, келер …
Аудан әкімдігінің алқа мәжілісіне әдеттегідей мәслихат депутаттары, аудандық басқарма, мекеме және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, орта мектеп директорлары, мәдениет үйінің директорлары мен ауылдық клуб меңгерушілері қатысты. Жиын тізгінін өз қолына алған аудан әкімі Шухрат Нурахунов елді мекендерді көркейту, көгалдандыру мен санитарлық тазалау шараларының 2017 жылғы қорытындылары және 2018 жылдың міндеттері туралы баяндама жасау үшін өзінің орынбасары Құралбек Бекмұханбетовті мінбеге …
Мәлумки, бийил қиш пәслидә биз ойлимиған қаттиқ соғ болуп, күтүлмигән вақиәликләр орун алди. Шуниң тәсиридин зәрдап чәккәнләр аз болмиди. Қишниң соғини кәйнимиздә қалдуруп, баһарниң кәлгинигә шатлансақму, ховуп йоқ әмәс. Сәвәви, апәт ейтип кәлмәйду. Әтиязда күнниң иссиши, қишниң қелин қари ериши һәм ямғур-йешинниң көпләп йеғиши ақиветидин, дәрия-көлләрниң сүйи көтирилип тәвәләрни су бесиш еһтималлиғи жуқурилайду. Шуни нәзәрдә тутқан һалда наһийәмиздә жилдикидәк тәйярлиқ …
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі және қызметшілер әдебі жөнінде ауыл әкімдерінің, аудандық бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиынның тізгінін ұстаған аудан әкімінің орынбасары Құралбек Бекмұханбетов жалпы мемлекеттік қызметкерлердің этикасы, әдебі және қызметтері жөнінде сөз қозғап, заң жүзінде түсінік берді. Сонан соң алғашқы сөз кезегін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы …
Көктем келісімен күн жылынып, жылғалардан су ағып, сай-саладан сел жүретіндігі бар. Жыл сайын үлкен тас жолдардағы көпірлер, өткелдер су тасқыны кезінде бұзылып кететіндігін көріп те жүрміз. Осыған орай аудан әкімінің өкімімен комиссия құрылып, аудандағы барлық елді мекендерді аралап, қауіпті жерлерді көзбен көріп, алдын алу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Құрылған комиссия мүшелері ең алдымен ауылдық округ әкімдіктерінің қажетті құрал-жабдықтарымен, техникаларымен танысып, құжаттарын …