Басты бет Саясат ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ЫМЫРАНЫҢ ШАҢЫРАҒЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ЫМЫРАНЫҢ ШАҢЫРАҒЫ

0
160

Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан біздің Тәуелсіз Отанымыз өзінің егемендік жылдарында татулық пен тұрақтылықтың, келісім мен бейбітшіліктің символына айналды. Оны жарты әлем мойындап, шынайы бағасын беріп те қойған. Әлемде салтанат құрған барлық дін өкілдерінің басы қосылатын Елордамызда айналамыздағы алпауыт елдер де саяси тұрақтылықтың қазығын қағу үшін бас біріктірді. Алып құрлықтың төсінен орын тепкен Тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен ынтымақтастық мәселелері талқыланатын өзгеге өнегелі ел бола алғандығына шексіз қуанамыз.

1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылған бұл халықаралық ұйым алғашқыда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікістан құрылтайшы болған шағын халықаралық ұйым ретінде өзінің алғашқы қадамын жасай бастады. Содан бері қарай ширек ғасырға жуық уақыт іргесі одан әрі беки түскен ұйымға сырттай қызыға да қызғана да қарайтын елдер аз болған жоқ. Жалпы ынтымақтастық деген сөздің өзі қаншалықты көңілге тыныштық сыйлайтындығы айтпаса да түсінікті. Осы орайда жылдар бойы аталмыш ұйымға мүше елдер өзара бірқатар ынтамақтастық мәселелерін шешіп отырды. Аталмыш ұйымның хатшылығы көршілес аспанасты елінің астанасы Бейжіңде орналасқан. Ал терроризмге қарсы құрылым өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жұмыс атқарып келеді. Ағымдағы жылы ұйымға төрағалық ету біздің мемлекетімізге берілген. Осы орайда елімізде үстіміздегі жылдың 4 шілдесі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізілді. Президентіміз саммитке келген елдердің басшыларын өзі күтіп алып, әрқайсысына жеке жеке құрмет көрсетті. Халықаралық саяси шараға 16 елден келген делегаттар қатысты. Күллі әлем көз тіккен бұл тсаммит Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Бұл кезекті саммиттегі есте қалатын ерекше сәт Беларус Республикасын ұйымға  қабылдап, оған ынтымақтастық ұйымның мүшесі мәртебесі берілген тарихи құжат қабылданды. Одан бөлек Астана декларациясы мен 20 шақты маңызды шешім қабылданды.

Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Еділдің арасындағы атақоныс қазақтың дарқан даласында, Сарыарқаның төсінде әлемді аузына қаратқан алып мемлекеттер бас қосып, ынтымақтастық пен ымыраның мәселесі шешіліп жатса біздің мемлекетіміздің және Президентіміздің саясаты жарқын болашаққа қарай дұрыс бағыт алып бара жатқандығына тағы бір көзің жетіп іштей шексіз қуанады екенсің. Ішкі саясатымыз тұрақты болуы үшін сыртқы саясатымыз да өзінің арнасымен ағу керектігі айқын дүние. Осы орайда сыртқы қарым-қатынасты өз дәрежесінде ұстап отырған Президентіміздің көреген саясатын біз бір кісідей қолдап, Әділетті Қазақстанның біртұтас әрі бәсекеге қабілетті қоғамын құруға аянбай атсалысуымз керек!

Ақжол Нұрдәулетұлы,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…