Президент ұсынған Халық кеңесін құру бастамасы да қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді деп есептеймін. Қоғамдық бірлестіктердің, өңірлік құрылымдардың және этномәдени орталықтардың бір алаңда тоғысуы азаматтардың пікірін ескеруге жол ашады.
Жаңа органға заң шығару бастамасы құқығының берілуі халықтың заңнамалық үдерістерге қатысуын кеңейтіп, демократиялық институттардың дамуына серпін береді. Жалпы алғанда, бұл өзгерістер елдегі саяси жүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған оң бастамалар деп санаймын.
Аудандық “Ұйғыр этномәдени орталығы” ҚБ төрағасы Османов Арлен Сеналұлы

