Басты бет Әр қилы Жүйеленген ұсыныстар мемлекеттің конституциялық негіздерін нақтылап, одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды әрі уақытылы қадам деп есептеймін.

Жүйеленген ұсыныстар мемлекеттің конституциялық негіздерін нақтылап, одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды әрі уақытылы қадам деп есептеймін.

0
46

Құқықтық нормалардың анықтығын арттыру және құқықтарды қорғау тетіктерін жетілдіру Конституцияның формалды құжат ретінде емес, күнделікті өмірде нақты әрі тиімді қолданылуына жол ашады.

Преамбуланың маңызын күшейту, құқықтық және зайырлы мемлекет қағидаттарын айқындау, сондай-ақ адам қадір-қасиетін, өмір сүру құқығын, жеке бостандық пен жеке өмірге қол сұқпаушылықты басты құндылықтар ретінде бекіту қоғамның қазіргі талаптарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударылуы заманауи құқықтық жүйенің маңызды элементі болып табылады.

Тұтастай алғанда, аталған өзгерістер конституциялық нормалардың тәжірибеде іске асырылуын күшейтіп, оларды қолдану мен түсіндіруде бірізді әрі түсінікті құқықтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Ұйғыр аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Г.  Аликеева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚОҒАМ ӨЗГЕРІССІЗ ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ

     Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Мемлекет басшысы …