“Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында 9 мамыр мерекесінде бүгін “AMANAT” партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы Бахар ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагері Кибиров Алим атаның үйіне барып, жеңіс күнімен құттықтап, сый — сияпаттарын тарту етті.
Жеңіс күні бейбітшілікті сақтаудың, ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын еске салады.
Соғыс дегеніміз әрқашан да зұлымдық. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан бейбітшілікті сақтауды жақтап келеді. Біздің көпвекторлы саясатымыз бейбітшілік пен аумақтық тұтастықты сақтаудағы дала дипломатиясының бай тәжірибесіне негізделген.
Біз қақтығыстар біздің азаматтарымызға ешқашан әсер етпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ол үшін бізге бірлігі жарасқан ұйымшыл халық, әлемнің барлық елдерімен сенімді достық қарым-қатынас және күшті армия қажет.