ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

0
380

«Еркетай» бөбек-балабақшасында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті. Оған бүлдіршіндер аса дайындықпен қатысты. Қазақстан, туған жер, Отан туралы тақпақтар оқыған балалар қолдарына жалаушаларды ұстап, бірлесіп ән айтып, мәре-сәре болды. «Балдырған» ересектер және «Айгөлек» ортаңғы топ бүлдіршіндері сурет салудан жарысқа түсті. Ата-аналар комитетінің төрағасы Зарина Саутова балабақша әкімшілігі мен тәрбиешілерге өзінің ыстық ықыласын жеткізіп, алғысын жаудырды. Балалар да алдын ала дайындаған әндерін ақ пейілдерімен орындап, шынайы ынталарымен салған суреттерін үлкендерге көрсетіп мәз болды. Тәуелсіз елдің азат ойлы сәбилері мереке туралы өздерінің түсініктерін айтысты. Тәрбиешілер де өз кезегінде тәуелсіздіктің құны мен бағасын баланың тілімен түсіндіріп, желтоқсандағы батырлардың ерліктерін айтып берді. «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шараны қорытындылаған балабақша меңгерушісі Әсел Жарқынбекқызы атсалысқан барлық балаларға рақмет айтты, ана-аналарға және тәрбиешілерге алғысын жеткізді.

Гульбайраш МЫРЗАБАЕВА,

балабақша тәрбиешісі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…