Бүгін Құрылтай сайлауы күні өмірлеріндегі тағы бір қуанышты әрі маңызды оқиғаға қадам басқалы отырған қос жас сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Бүгін олар үшін ерекше күн. Бір жағынан – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірсе, екінші жағынан – қос ғашық жаңа өмір жолын бастап, шаңырақ көтермек. Той қамы мен дайындықтың қызған шағына қарамастан, жас жұбайлар қоғамдық өмірден шет қалмай, сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл – жас отбасының ел болашағына деген жауапкершілігін танытқан ерекше әрі мәні терең қадам. Бүгінгі таңдау – азаматтық жауапкершілік, ал бүгін көтерілетін шаңырақ – жаңа отбасының бастау нышаны. Осындай қос қуаныш қатар келген сәт жас жұбайлар үшін есте қаларлық күндердің біріне айналары сөзсіз. Қос жасқа ақ жол, баянды бақыт, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейміз! Шаңырақтарыңыз биік, босағаларыңыз берік, керегелеріңіз кең болсын! Бүгінгі таңдауларыңыз ел игілігіне қызмет етіп, бүгін басталатын отбасылық өмірлеріңіз махаббат пен бақытқа толы болсын! 🗳️💍
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Что изменилось в образовании за 7 лет?
Зарплаты учителей выросли, а нагрузка снизилась. Усилилась социальная поддержка педагогов.… -
Білім беру саласында соңғы 7 жылда не өзгерді?
Мұғалімдердің еңбекақысы өсті, жүктемесі азайды. Педагогтерге берілетін әлеуметтік қолдау … -
Министр ИИ ОАЭ отметил Astana AI Film Festival как пример возможностей искусственного интеллекта
Государственный министр ОАЭ по искусственному интеллекту Омар Аль Олама упомянул казахстан…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы
Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…
