Басты бет Жолдау Медицина саласын ілгерілету қажет

Медицина саласын ілгерілету қажет

0
1,033

Бүгін мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Ел экономикасын ілгерілету, жұмыспен қамту, ауылшаруашылығы, ветеринария, білім, ғылым салаларын дамыту мен өркендету, олардағы бүгінгі кемшіліктерді жою мақсатында алдағы жылда атқарылатын жұмыстарды жіпке тізді. Солардың ішінде ел Президентінің ерекше екшеп айтқан саласы денсаулық саласы болды.

Өткен жылдан бері коронавирус инфекциясы дүниежүзін дүрліктіріп отыр. Осыған орай мемлекет отандық медицина саласын дамытуды басты назарға алды. Халықтың денсаулығын сақтап, коронавирус инфекциясынан арылудың бірден-бір жолы екпе алу екенін де екшеп айтты. Отандық вакцинаның да қауіпсіздігіне сенімді екенін жеткізді.  «Бөлінген қаражат Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жоспарлы екпе салуға жұмсалуы тиіс. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрімек пен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу керек», ­- деді Мемлекет басшысы. Сондықтан өз денсаулығымызға бей-жай қарамайық!

Әлия Ақжолтайқызы,

емхана меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…