Басты бет Ақпарат ағыны «Қазақстан халқына» қорындағы әр теңгенің қайда жұмсалғанын ел көріп отырады — Болат Жәмішев

«Қазақстан халқына» қорындағы әр теңгенің қайда жұмсалғанын ел көріп отырады — Болат Жәмішев

0
1,291

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — «Қазақстан халқына» қорының өз сайты болады. Сайтта жиналған және жұмсалған қаржыға қатысты деректер ашық көрсітеледі. Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқына» қорындағы әр теңгенің қайда жұмсалғанын ел көріп отырады - Болат Жәмішев
«Қордың қамқоршылық кеңесіне қатысты да көп сұрақ туындап жатыр. Кеңес мүшелерін кім сайлады, неге халық талқысына салмады деген секілді. Қор Мемлекет басшысының бастамасымен құрылды. Әрине, қорға қаржы аударған қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға оның қайда жұмсалып жатқанын білуге құқылы. Жиналған қаражаттың тиімді жұмсалуына қатысы Үкіметке де әлеуметтік жауапкершілік жүгі артылады. Сондықтан кеңес мүшелерін Үкімет бекітіп, бізге ұсынды. Өз басыма келсем, қор төрағасы ретінде қамқоршылық кеңес құрамында мен де бармын. Маған қор жұмысын ұйымдастыру, жүргізу міндеті жүткелген», — деді Болат Жәмішев «Хабар 24» арнасының «Ошакбаев LIVE» бағдарламасының эфирінде. Оның айтуынша, қоғамдық жұмыс халық үшін ашық түрде жүзеге асуы тиіс. «Өз сайтымызды әзірлейміз. Қорға түскен әр теңге және оның қайда жұмсалғаны туралы есеп беріледі. Ол есеп сайтқа жарияланады. Қазір осы жұмысты ұйымдастырумен айналысып жатырмыз», — дейді ол. Бұған дейін «Қазақстан халқына» қорының құрылтайшыларына қатысты мәлімет берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ауыл тұрғындары мобильді қоғамдық қабылдаудың көмегіне жүгінді

        «AMANAT» партиясының мобильді қабылдау тобының ауылдарға сапары жалғасып жатыр    …