2024 жылы Ұйғыр ауданында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ұйымдастыруымен Рахат ауылынан бастау алған ауқымды цифрландыру жобасы өз жалғасын табуда.

Жоба шеңберінде «Транстелеком» АҚ-ның серіктесі «IP Link» ЖШС Тасқарасу ауылында талшықты-оптикалық байланыс желісін тартып, тұрғындарды жоғары жылдамдықты интернет қызметіне қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта бұл мүмкіндікті ауылдың 100-ден астам үйі пайдалана бастады. Тұрғындарға ұсынылған ай сайынғы тарифтерге тек үйдегі интернет қана емес, Altel байланысының SIM-карталары және цифрлық телеарналар пакеті де кіреді. Осылайша, ауыл тұрғындары біріңғай пакет арқылы бірнеше цифрлық қызметке қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімді болуы Тасқарасу ауылы үшін үлкен серпіліс әкелуде. Тұрғындар онлайн білім алуды, қашықтан жұмыс істеуді, мемлекеттік электронды қызметтерді пайдалануды және заманауи цифрлық сервистерге қосылуды бұрынғыдан да ыңғайлы түрде жүзеге асыра алады. Бұл бастама ауылдық жерлердегі цифрландыру деңгейін арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Ел болашағы – ортақ жауапкершілік
Еліміз үшін маңызды кезеңдердің бірі – Құрылтай депутаттарын сайлау. Бұл – халықтың өз пік… -
«ТАЗА ТАБИҒАТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»🌿
5c59d1c517c74063bf2c91ee16b5cd9f 2026 жылғы 19 тамыз күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы ая… -
С высоты – о важном: участники авиашоу призвали казахстанцев прийти на выборы в Курултай
Самолеты над предгорьями Заилийского Алатау, фигуры высшего пилотажа, групповые пол…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Ел болашағы – ортақ жауапкершілік
Еліміз үшін маңызды кезеңдердің бірі – Құрылтай депутаттарын сайлау. Бұл – халықтың өз пік…
