Басты бет Саясат Халықтың қаһарманы

Халықтың қаһарманы

0
1,273

Халық қаһарманы. Екі ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Еліміздің ірге тасының қалануына үлестерін қосып, халықтың ықыласына бөленген тұлғаларға берілетін даңқты атақ. Бауыржан Момышұлы, Қайрат Рысқұлбеков, Тоқтар Әубәкіров  сынды нар тұлғалы азаматтар иеленген  атақты бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев иеленіп отыр.

Отыз жылға жуық ел басқарған уақытта шекарамызды бекітіп, астанамызды салуға, төл теңгеміздің дүниеге келуіне  мұрындық болды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын қалыптастырды.  Өзінің сарабдал саясаты мен көрегенділігінің арқасында мемлекетімізді жандандырып жарыққа шығарды. Қазақстанның аз уақыт ішінде дербес мемлекет екенін дәлелдеді. Еліміздің экономикасын түзеді,  халықтың әл ауқатын көтеріп, тұрмыс сапасын арттырды. Жастарды білім мен ғылымға баулыды, барлық мүмкіншілікті жасады. Ең бастысы қарапайым халыққа тыныш, бейбіт күн сыйлай алды. Есімі алтын әріптермен қазақ тарихында қалатын мұндай тұлғаға қандай атық берсекте лайықты. Ол нағыз халықтың қаһарманы екенін мойындатты. Сол еңбегінің жемісі Тұңғыш Президентіміз барша қазақстандықтардың ризашылығын арқалады. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ…

Дидар БЕРЕНБАЕВ,

студент

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті

Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын …