Алматы облысындағы Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында халықаралық суретшілер пленэрі ұйымдастырылады. Өнер мерекесі 7 шілде күні бастау алып, өңірдің табиғи сұлулығы мен тарихи-мәдени ерекшеліктерін кеңінен насихаттауға бағытталады. Бұл жайында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ануар Үмбеталиев баспасөз мәслихатында айтты.
Ауқымды шығармашылық шараға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей мемлекеттерінен танымал қылқалам шеберлері қатысады. Жалпы саны 15 суретші іріктеліп алынған. Оның ішінде бес суретші Алматы облысының атынан қатысып, туған өлкенің көркем келбетін кенеп бетіне түсіреді.
Халықаралық пленэрдің басты мақсаты – Алматы облысының ғажайып табиғатын, оның ішінде Райымбек өңірінің қайталанбас ландшафтарын, тарихи орындары мен мәдени құндылықтарын өнер арқылы дәріптеу.
«Суретшілер бірнеше күн бойы ауданның көрікті жерлерін аралап, шығармашылық жұмыстарын жүргізеді. Пленэр барысында салынған туындылар кейін арнайы көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылады»,-деді басқарма басшысы Ануар Үмбеталиев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және халықаралық мәдени байланысты нығайтуға ықпал етпек.
Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған халықаралық пленэр өнер сүйер қауым үшін маңызды мәдени оқиға болмақ. Шара жергілікті тұрғындар мен қонақтарға өңірдің әсем табиғатын сурет өнері арқылы жаңаша танытуға мүмкіндік береді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Достық пен бірлік – елдігіміздің берік тірегі
Достық пен бірлік – қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің өркендеуіне негіз болатын асыл құ… -
«БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық ұйғыр этномәдени орталығында этномәдени бірлестік мүше… -
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – АБЫРОЙЛЫ МАМАНДЫҚ!
Алматы облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының нұсқауын орындау мақсатында, …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
МУНАСИПЛАР МУКАПАТЛАНДИ
Дөләт рәһбири дунияйүзидики иш орунлириниң тәхминән он пайизиниң туризм саһасиға тәәллуқ …
