Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында Еңбекшіқазақ аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

Алматы облысында Еңбекшіқазақ аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

0
145

2025 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА мүшелері мен жастар қатысты.
Сессия барысында аудан әкімі, аудандық ҚХА төрағасы Талғат Ескендірұлы Байеділов Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, ҚХА мүшелері – облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Смағұлұлы Мұқашев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Зоя Кайсаровна Магамадова, аудандық орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Николаевна Таркова, сондай-ақ Ассамблея жастарының мүшесі Мурат Яшаевич Нажипов өз бағыттары бойынша жобалар мен бастамаларды таныстырды.
Кездесу аясында қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту, жастардың белсенділігін арттыру және этномәдени бірлестіктердің жұмысын қолдау мәселелері талқыланды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды

– Осы аптада Брюссельде визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөзді бастадық. Бұл уағда…