Кездесу «Жаңа Конституция жобасы – болашақтың шынайы келбеті» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, еліміздің алдағы даму бағыты мен конституциялық реформалардың маңызы кеңінен талқыланды. Жиын барысында Жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістерге тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы бастамалар түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық форматта өтіп, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытып, өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін жеткізді. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтып, қоғамда ашық диалог мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір азаматтың пікірі – ел дамуы үшін маңызды.

