Басты бет Заң және қоғам Заң мен тәртіп: Іле ауданында түнгі рейдтер жалғасуда

Заң мен тәртіп: Іле ауданында түнгі рейдтер жалғасуда

0
148

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Кезекті рейд Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Жәпек батыр, М.Түймебаев, Көкқайнар және Төле би ауылдарында өтті.
Рейдтерге аудандық прокуратура, полиция қызметкерлері, аудан әкімдігі аппаратының мамандары, білім бөлімі және қоғамдық белсенділер қатысты.

Іс-шара барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері және адамдар көп жиналатын аумақтар тексеріліп, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай рейдтердің басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті, ал балалардың қауіпсіздігі – қоғамның орта.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Ақпараттық кеңістікте жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған, саяси пар…