Басты бет Спорт АРДАГЕРЛЕР ӘСПЕТТЕЛІП, ҮЗДІКТЕР БАҒАЛАНДЫ

АРДАГЕРЛЕР ӘСПЕТТЕЛІП, ҮЗДІКТЕР БАҒАЛАНДЫ

0
596

Тамыз айы атаулы күндерге толы болды. Баяғыдан санамызға сіңісті боп қалғаны, жадымызда сақталғаны – құрылысшылар мен спортшылар күні. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорт күніне арналған шара өтті. Оған бұрын спорт саласында еңбек еткен ардагерлер, спортты жандарына серік еткен жандар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлы салтанатты жиынды ыстық ықыласымен ашты. Өзінің ақжарма тілегін ақтарып, спорттың адам өмірінде алатын орны туралы ойын ортаға салды. Спорт ардагерлері Болат Ахметов, Турсун Хитахунов, Абдуварис Азнабакиев, Жиһангер Мәжитовтерге облыстық спорт басқармасынан арнайы жіберілген ақшалай сыйлықты ұсынды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Сайпидин Садаковтың кеудесіне «Спорт саласының үздігі» төсбелгісін қадады. Көптеген азаматтарға Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарын ұсынды.

Ресми бөлімнен соң спорттық жарыстар басталып кетті. Алдын ала жоспарланғандай волейболдан, футболдан, арқан тартудан әр саланың мамандары додаға түсті. Волейболдан өз шамаларын байқатамыз деген алты команда бірден жарысты бастап кетті. Аудандық полиция бөлімінің жігіттері, Райымбек ауданы бойынша шекара қызметкерлері, локаторшылар, мектептерден құралған құрама команда, аудандық спорт мектебінің жігіттері және аудандық электр желісі бөлімінің волейболшылары жеребе арқылы бақтарын сынасты. Футбол мен арқан тарту жарысы да тартысты өтті. Спорт күніне арнайы жиналған адамдардың біразы жарысты көрейік деп жанкүйерлік танытып, ойын залына топтасты. Бір сәт бойларын сергітіп, қызықты бәсекеге араласып кетті.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Телеканалы «Qazaqstan» и «Qazsport» покажут бой Жанибека Алимханулы в прямом эфире

7 декабря 2025 года чемпион мира в среднем весе по версиям WBO и IBF Жанибек Алимханулы пр…