Халық арасында «Тазалық – денсаулық кепілі»дейтін тәмсіл бар. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” бағдарламасының түпкі мақсаты да осы. Бұл бағдарламаға Шарын ауылдық округінің тұрғындары белсенді түрде қолдау танытып, күнделікті атсалысуда. Осы күнге бейін бағдарлама аясындағы тазалық шараларына ардагерлер мен белсенді жастарды қосқанда 200-ден астам адам қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы уақытша емес, тұрақты тазалық шарасы екендігін, осыған байланысты әрбір ауыл тұрғыны тазалық мәдениетін сақтап, аулаларды ретке келтіруді өзінен бастау керек. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысып, ауыл тазалығы үшін атсалысқан ауыл тұрғындарына өз алғысымды білдіре отырып, аулаларымыздың тазалығы бірінші орында тұруы керек деп санаймын. Біз өзімізден бастауымыз керек, сонда біздің жастарымыз да тазалықты сақтайды. Қатысушылар өзен аумағын қоқыс пен өсімдіктерден тазартты, шомылу ережелері мен өзен бойындағы жарықтандыруды жүйелерін жаңартты. Олар ауылдың тазалығы ең негізгі басымдық екенін және әрбір тұрғыны осы қағиданы ұстануы керек.
Қыпшақбаева Матайқан Жумабайқызы,
Аналар кеңесінің төрайымы