Басты бет Саясат Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады

Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады

0
316

Бұл Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты реформалар назардан тыс қалмады. Жолдауда оқытушылардың  жалақысын арттыру, білім сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Мемлекет басшысы жолдауында сапалы білім беру мәселесі басты тақырыптардың бірі болды. Президент білім беру жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар нақты шараларды ұсынды. Бұл қадамдар елдің болашақтағы дамуы үшін шешуші мәнге ие. Жоғары білім саласында университеттер мен колледждердің білім беру сапасын арттыру және олардың халықаралық рейтингтердегі орнын нығайту міндеті қойылды. Қазақстанның ғылым саласындағы әлеуетін арттыру мақсатында ғылым мен білімді біріктіру, инновациялық жобаларға қолдау көрсету керектігін атап өтті.  Елдің әр саласындағы реформалар мен жаңалықтар болашақта халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білімді жастар болашақтың тұтқасы боларына сенімдіміз.

             Мадалиев Парманжан Туглукович,

Шарын ауылдық округінің медиаторы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Салтанат Ермұхаметова тұрғындарға көмек көрсетті

Аудандық мәслихат депутаты Ермұхаметова Салтанат Ешмұхаметқызы «Бақытты отбасы» …