Басты бет Заң және қоғам Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

0
322

Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басына 3800-ден астам іс түсті. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты .
Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Сотқа түскен істердің 3570-і қаралып, 2370 іс бойынша жалпы сомасы 322 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Бұл соманың жартысынан көбі мемлекет қазынасына төленді. Жол-көлік оқиғалары бойынша 1619 іс тіркеліп, 1561 адам айыппұл арқаласа, 18 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар бойынша 540 іс қаралып, 206 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық және вандализмге қатысты істерде де әкімшілік жазалар күшейтілгені айтылды.
“Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта қолданылған шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған”,-деді Әлинасыр Қадыров.
Брифинг барысында сот төрағасы құқықтық саладағы жаңалықтарды, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістерді де түсіндіріп өтті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел ішінде заң мен тәртіп қатаң сақталады

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП #ҚұқықтықҚоғам …