Басты бет Ақпарат ағыны КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ – СУ КӨЗДЕРІН РЕТТЕУ

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ – СУ КӨЗДЕРІН РЕТТЕУ

0
151

Ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ж.Ә.Жөргенбаев, З.П.Кузиев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Ж.С.Ашимжанов арнайы іс-сапармен келді. Сапардың негізгі мақсаты – суармалы жерлерге қатысты заңдарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау және аудандағы су ресурстары мәселелерін зерделеу болды.

Атап айтқанда, Шарын МҰТП аумағында орналасқан, құрылысы аяқталмаған гидротехникалық нысанның алып жатқан аумағына заңды түрде өзгеріс енгізу мақсатында және ауданның төменгі бөлігіндегі ирригациялық желілерді қалпына келтіру, сондай-ақ жоғарғы аймақтағы су тоспаларын салу мәселелері қаралды. Депутаттармен бірге келген жұмыс тобы құрамында ҚР Су ресурстары мен ирригация комитетінің төрағасы Арсен Арманұлы Жақанбаев, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Сұлтанұлы Байғождаев және облыстық мәслихат депутаттары, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, облыстық құрылыс, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және басқа да салалық басқарма басшылары, «Алматыоблсушар» мекемесінің жауапты мамандары, аудан әкімі Бота Серікқызы Елеусізова бастаған жергілікті атқарушы орган өкілдері мен шаруа қожалық иелері болды.

Кездесу барысында аудандағы суармалы жерлерді игеру, инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік мәселелер және ауыл шаруашылығына қажетті су көздерін реттеу жолдары талқыланды. Сенат депутаттары көтерілген мәселелерді заңнамалық тұрғыда қолдап, тиісті органдармен бірлесе шешу үшін жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қонаев осы жазда: 860 мыңнан астам турист, абаттанған жағажайлар және жаңа жағалау

Биыл жазда Қонаев қаласы еліміздің ең танымал туристік бағыттарының біріне айналып отыр. “…