Ағымдағы жылы Алматы облысында аудандық, қалалық мәслихаттардан 11 депутат әр түрлі себептермен орындарын босатты. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес облыс бойынша мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов баяндады. Сайлауда 64 сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Депутаттыққа үміткер ретінде 33 адам тіркелді. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясынан …