Басты бет Саясат НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ КӨЛЕМІ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҮШІНШІ ОРЫНДА ТҰР

НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ КӨЛЕМІ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҮШІНШІ ОРЫНДА ТҰР

0
1,251

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері ШОБ субъектілеріне 26,3 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Несиелік портфель көлемі бойынша Алматы облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс басшысы А. Баталов хабарлағандай, «Даму» қоры, жергілікті бюджет және Кәсіпкерлер Ұлттық палатасы есебінен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген, соның ішінде 1,9 млрд. теңгесі – жергілікті бюджеттен.

— Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын неисеге 5,3 млрд. теңге қарастырылды. Соның нәтижесінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны үш жылда 23 %, жұмысшылар саны – 16 %, шығарылған өнім көлемі – 29 % өсті, — деді А. Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…