Басты бет Ақпарат ағыны Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

0
218

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қажетті құжаттарды тапсыру 30 қарашаға дейін жалғасады. Академияға түсу талаптарына және биылғы енгізілген өзгерістерге қатысты Алматы облысы бойынша академия филиалының директоры Малик Асанов түсініктеме берді.

Академияның басты артықшылығы – модульдік оқыту форматы. Білім беру орталығы тек мемлекеттік қызметшілерді ғана емес, квазимемлекеттік сектор өкілдерін, мәслихат депутаттарын және мемлекеттік бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін де оқуға қабылдайды.

Малик Асановтың айтуынша, биылғы оқу бағдарламасында маңызды өзгеріс – модульдер санының 4-тен 6-ға дейін ұлғаюы.
“Бұл құрылым білім алушылардың офлайн сабақтарға келуін азайтып, онлайн оқуға көбірек мүмкіндік береді.Енгізілген өзгеріс білім алушылардың уақытын тиімді пайдалануға және оқуды жұмыспен қатар алып жүруге мүмкіндік жасайды.” — дейді Асанов.

Академияда екі бағдарлама бойынша білім алуға болады. Оқу мерзімі 1 жыл. Атап айтсақ,«Executive MPA – Мемлекеттік басқару» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development». Қос бағдарламада оқу үшін 2 жыл еңбек өтілі қажет. Айта кетерлігі «Мемлекеттік басқару» бағдарламасымен басшылық қызметте істегендер ғана оқи алады.

Сонымен қатар, биыл академия алғаш рет мемлекеттік қызметшілерге модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға құжат тапсыру мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл ретте, жұмыс берушіден мемлекеттік орган жолдама беруі қажет, ал жұмыс кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес реттелуі шарт. Мемлекеттік қызметшінің офлайн сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші, оқуға түсуші және Академия арасында үш жақты келісімшарт жасалады.

Үміткерлерді қабылдау процесі екі кезеңнен тұрады – аналитикалық эссе жазу және сұхбаттасу. Эссе үміткердің ойлау қабілеті мен талдау дағдыларын бағаласа, сұхбат кәсіби дайындық пен жеке қасиеттерін анықтауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1-30 қарашасы аралығында жүргізіледі. Толық ақпаратты apa.kz ресми сайтынан ала аласыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…