Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

0
324

Жолдың жағдайын ретке келтіру мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күнге Алматы облысындағы жолдың 93 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда.
Жыл сайын жол құрылысына және оны күтіп ұстауға қазынадан қаржы бөлінеді. Биылғы жылы 157,9 шақырым  автомобиль жолының құрылысы мен  жөндеу жұмыстарына 19,1 млрд. теңге қаражат бөлінген.
Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхаметовтың сөзінше, 2024-2025 жылдары 45,1 шақырым автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтеді екен.  Бұдан бөлек, өзенде су деңгейінің көтерілуінен зақым келген көпірлерде жөндеуден өтеді.
«Талғар, Түрген және Қаскелең өзендері арқылы өтетін 3 көпір құрылыстарына зақым келген еді. Қазіргі уақытта аталған көпірлеріне күрделі жөндеуге ЖСҚ жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-дейді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша 14 жоба жоспарланған, қазіргі таңда жұмыс 100%-ға орындалды.
Мамандар, тақтайдай тегіс жолдың сапасына шамадан тыс жүк артып жүйіткейтін жүк көліктері нұқсан келтіреді дейді. Сондықтан жергілікті автомобиль жолдарына 5 автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 2 данасы орнатылды, оған  жергілікті бюджеттен 441 млн. теңге қаражат бөлінді.
Ермек Биғазыұлының айтуынша, «Талғар – Байтерек» 6,9 шақырым автомобиль жолын маршруттық  тәсілмен 2 жолақтан 4 жолаққа кеңейту жұмыстары жүргізілді. Нысанда қарастырылған жаяу жүргінші жолдарын орнату жұмыс түріне жергілікті бюджеттен 578,1 млн. теңге бөлінді. Қаражат 100% игерілді.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында 35 білім ордасы алғаш рет аттестаттаудан өтті

Былтыр Алматы облысындағы   299 білім беру  ұйымына мемлекеттік  аттестаттау жүргізілді.Нә…