Басты бет Көкжиек ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 95 %-КЕ ЖЕТПЕК

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 95 %-КЕ ЖЕТПЕК

0
1,549

Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін жандандыру нәтижесінде жыл соңына дейін балаларды балабақшамен қамту деңгейі 95 %-ке жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  — Мәселен, 2013 жылы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткішісі небары 60 % құраса, соңғы үш жыл көлемінде 279 балабақша ашылған. Оның 88 % — жекеменшік. Ал биылғы жылы тағы 98 балабақша ашылса, жыл соңына дейін қамту деңгейі 95 %-ке жететін болады, — деді А. Баталов.Облыстың білім саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тегігін қолданудағы тәжірибесі үлкен. «Енді біз мемлекет пен бизнес әріптестігінің басқа да формаларын қолдана бастадық. Біздегі 41 жобаның 8-і өткен жылы жүзеге асырылса, құны 9,6 млрд. теңгелік 9-ы биылғы жылдың соңына дейін межеленген», — деп атап өтті облыс әкімі.  

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында 35 білім ордасы алғаш рет аттестаттаудан өтті

Былтыр Алматы облысындағы   299 білім беру  ұйымына мемлекеттік  аттестаттау жүргізілді.Нә…