Иә, Рахатта рахат емес. Рахат ауылында технологияның дамып, интернет желісінің жер жаһанды жаулап тұрған тұсында, яғни бүгінгі күнде интернет жоқ. Дәл солай. Мұндағы тұрғындар емін-еркін интернеттің көмегіне жүгіне алмайды. Өзгелер сияқты әлеуметтік желіні қолданып, өз парақшасына қызықты сәттерін жүктеп, сурет те салмайды. Суретті қойшы, тіпті ұялы байланыспен еркін де сөйлесе алмайды. Желіні қуалап, әупірімдеп байланысқа шығады. Оның өзі де тұрақты …