Басты бет Заң және қоғам СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

0
33

Сыбайлас жемқорлық  – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдағы пиғылдары қара, қолдары таза емес адамдардың іске асыратын әрекеттерінің біріне айналғандығы өкінішті. Әсіресе мемлекеттің игілігіне, елдің ырыздығына еш қысылмастан қол сұғатындардың бір тобы пайда болғаны да жақсылықтың белгісі емес.

Мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресіп келеміз, бірақ нәтиже мәз емес. Қолынан келгендер қарпып қалғысы келетін, мүмкіндік туып тұрғанда бас пайдама жаратып алайын деген ниеттегі адамдардың санасына сәуле құйылмай бұл дерттен құтылу мүмкін емес шығар. Мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселден тек қана сананы тазарту арқылы ғана құтылуға болады. Кез келген мемлекеттік мекеме өзіне жүктелген міндеттер үдесінен шығып, абырой мен беделін саудаға салмай, адал қызмет атқарғанда бәрі дұрысталады.

Біздің мекеме қызметкерлері жұмысқа келген сәттен бастап жемқорлық әрекеттеріне бармауды, біреудің азғырып айтқан әңгімелеріне ермеуді басты назарда ұстаймыз. Қазір мемлекеттік қызметтердің барлығы да электронды түрде жүзеге асады. Осының өзі-ақ сыбайластыққа баруға ешқандай жағдайдың жоқтығын дәлелдесе керек. Ел арасында жер бөлімі жер телімдерін бөлгенде бармақ басты, көз қыстыға жол береді деген қауесет айтылып жатады. Ол жер конкурсына байланысты алыпқашпа сөздер. Бірақ бұл конкурсты арнайы комиссия мүшелері шешеді. Онда барлық құжаттары мұқият тексеріледі. Бірнеше адамның қатысуымен өтетіндіктен ол жерде сыбайластық орын алады деген ақылға сыймайды. Сондықтан өзімізге міндеттелген тапсырмаларды заң тұрғысында атқаруға тырысамыз. Көбінесе көрсетілетіні мемлекеттік қызметтер болғандықтан оның да заң шеңберінде болғандығын қадағалаймыз.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Ең алдымен санамызды тазартсақ, еліме, мемлекетіме адал қызмет атқарамын деген түсінікпен еңбек етсек бәрі жақсы болады деп сенемін.

Жанаргүл ЖАҚСЫЛЫҚ,

аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы

 

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

◾️ В публикациях СМИ и в социальных сетях распространяется недостоверная информация, что В…