Басты бет Саясат ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН

ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН

0
26

     Биылғы Жолдауда мемлекет басшысы елдің дамуына аса қажетті нәрселерді тізбеледі. Экономика мен электр қуатына басымдық берді. Әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде жиынтығы «200-ге жуық» атом электр станциясы барын айтқан президент, «бұл қуат көзі ел экономикасының ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді» деді. Жолдауда айтылған өзекті мәселенің қоғам талқысында жүргеніне де біраз болды. 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдум көпті толғандырған мәселенің күрмеуі болмақ. Әрине түрлі адам болғасын пікір де әртүрлі болатындығы заңдылық. АЭС тақырыбы қоғамда әртүрлі пікір туғызып жатыр. Бірақ тереңірек ойланар болсақ, оның пайдасын көретін көпшілік. Елдің талқысына салып, референдум өткізу де «еститін үкімет» қағидасын басшылыққа алу деп түсінген жөн.

    Билік АЭС тақырыбына референдум өткізілетінін айтып жүргені қазір ғана емес. Қоғамда бұл мәселе 1990 жылдардың аяғынан бері айтылып келеді. Қазақстанның қазіргі көлемде өндіретін электр қуаты 2030 жылға қарай аздық ететінін Президент өз Жолдауында айтты. Бүгінде республика бойынша тұтынып отырған 100% электр қуатының 30% шетелден сатып алып отыр екенбіз. Бұл қыруар шығын, әрине.  Референдумда қазақстандықтарға қойылатын сауал да нақтыланған. 6 қазанда халық жаппай «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. Елде АЭС салу мәселесі көп талқыланды. Жария талқы барысында жоба туралы жалпы мәліметтер, оған кететін шығын, станциялардың қуаты, АЭС салатын орын мен құрылыс мерзімі туралы айтылды. Ұсынысты жұртшылық қолдаған жағдайда, билік АЭС-ті сегіз жылда салуға және әрі кеткенде 12 миллиард доллар жұмсауға уәде беріп отыр.  Біздің жерге сегіз Франция шақ келеді. Сол кішкентай елде 56 АЭС бар екен. Ал, әлемде жер көлемі жағынан 9 шы орын алатын Қазақстанға АЭСтің қаншалықты керек екендігін бағамдай беріңіз.    Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», – деді Президент. Егер еліміздің дамыған, өркениетті, мәдениетті болуын қаласақ осы референдумда оңды қадам жасауымыз керек.

Референдумда әр адам өзі пікірін білдіруге құқылы. Оған атүсті қарауға да болмайды. Осы елдің азаматымын, өз мемлекетімнің патриотымын деген жан референдумға келіп, өз ұстанымын танытуы жөн. Бұл күрделі құрылыс егер қолға алынатын болса, кім салады, қалай салынады деген мәселелер арнайы мамандар мен ғалымдардың құзырында және халықтың бақылауында болуы тиіс. Семей полигонының зардабын шеккен халықпыз. Оның зиянынан толық құтылдық деп айта алмаймыз. Сондықтан біздің қоғамда белгілі бір фобия бар екені рас. Ол үрейден үзіліп келеміз, дегенмен апаттың зардабы жүректерге жазылып қалғандықтан, мүмкін пікірлер де әралуан боп тұрған болар. Алайда фобиялар мәңгілік емес. Өз дамуында адамзат талай фобиядан табиғи жолмен арылды емес пе? АЭС туралы бірегей пікір қалыспағандықтан билік оны халықтың талқысына салып отыр. Сондықтан 6 қазан күні өтетін рефрендумда өз таңдауыңызды жасауға құқылысыз.

Гүлжаһан ӘЛИКЕЕВА,

аудандық қоғамдық келісім және даму орталығының жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…