Аудандық аумақтық референдум комиссиясы 2024 жылғы 06 қазанда республикалық референдум өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №38/42 қаулысымен бекітілді. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстарға дайындық басталды. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Аудан бойынша учаскелік референдум комиссияларының саны 38, оның 3-еуі жабық учаске, әскери бөлімдер мен аурухана. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері 240, аудандық аумақтық комиссия мүшелері 7 адамнан тұрады. Жалпы 247 адам дайындық жұмыстарымен айналысуда. Учаскелік референдум комиссиялары орналасқан ғимараттардың 32-сі мектептерде, Мәдениет үйінде – 2, аудандық аумақтық инспекцияда – 1, әскери бөлімде – 2, аудандық ауруханада – 1.
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері аудан әкімінің қолы қойылған акт бойынша референдум комиссияларына таратылып берілді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша анықтау жұмыстарын жүргізуде. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету туралы шақыру қағазы дайындалды. Ол 26шы қыркүйектен кешіктірілмей таратылады.
12 қыркүйек күні «Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыпта аудандағы учаскелік комиссия төрағаларын, орынбасарларын, хатшыларын жинап облыстық референдум комиссиясының төрағасы Айтова Мейрамгүл Қазыбекқызы семинар өткізді. Онда референдум жұмысына атсалысатын комиссия мүшелеріне көптеген нұсқаулықтар айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар семинар соңында тест тапсырып сертификат алды.
Бүгінгі күнде референдум учаскелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы №21/183 қаулысымен бекітілген сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жұмыстар жүргізуде. Қажетті кеңсе тауарлары мен қажетті ақпараттық бағыттаушы, учаскенің нөмірі жазылған тақтайша, жұмыс кестесі, референдум туралы баннерлермен және хабарламалы плакаттармен қамтамасыз етілді. Учаскелік комиссия мүшелері бекітілген кестеге сәйкес өздеріне міндеттелген шаруаларын мұқият атқаруда.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №24/217 қаулысымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдары назарға алынып, жұмыс жүргізілуде. Аудан бойынша жалпы сайлау жасына жеткен 147 мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Олар арбамен қозғалатын мүгедектігі бар – 89, көзі нашар көретін мүгедек – 32, құлағы нашар еститін мүгедек – 26 адам. Жоғарыда аталған адамдарға әрбір референдум учаскесінде дауыс беруге жағдайлар жасалған. Мүгедек адамдарға арналған кабина, жеке бұрыш, үлкейткіш құрал, жеке компьютер орнатылып, олар қажетті кеңсе заттарымен қамтылған.
Есбол МАНАПОВ,
аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы