Басты бет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

0
342

(Аудан әкімі Бота Елеусізованың құттықтауы)

 Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірменді ағайын!  

Жыл сайынғы желтоқсанда аталып өтетін айтулы күннің бірі – Тәуелсіздік күні. Бұл күн еліміз үшін тарихта тасқа қашалып жазылған аса маңызды күн! Әр жылы қатал қыстың бірінші айында егемендігіміз бен еркіндігіміз үшін, сан ғасырлар бойы  бабалар армандаған тәуелсіздігіміз үшін, дербестігіміз үшін, елдігіміз үшін,  өткенімізге салауат айтып, тарихқа тағзым жасаймыз. Осыдан 37 жыл бұрын Алматының алаңында қазақ жастарының кеңес үкіметінің отаршылдық, әміршілік-әкімшілік жүйесіне қарсы наразылық әрекеттері басталған болатын. Сол кезде ұлттың мүддесін бәрінен биік ұстап, бабалардың үмітін жалғап, арқалаған аманатты алдына мақсат етіп қойып, елдің егемендігі үшін алаңға ағылған жастардың бірқатары бүгінде ортамызда жүр. Ол тарихи күнді ұрпақ еш ұмытпақ емес. Сол бір сексен алтының ызғарлы қысында жүрегі елім деп соғып, бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезім алаулаған жалынды жастардың қарасы Алматының алаңын бір-ақ сәтте басып қалған еді. Барлығының жанарында жалындаған от, кеудесінде қайнаған ұлттың намысы тұрды. Оларды ешқандай күш тоқтата алмады. Елдік пен егемендіктің жолында жандарын қиды. Қаншама жас қыршын кетті. Қаншасы жазықсыз қуғынға ұшырап, қаншасы сотталды, атылды.

Біздің ауданымыздан да бірқатар студент жастар сол кездегі толқуларда қатарластарымен бірге алаңға барып, елдің еркіндігін көксеп, тәуелсіздікке қол жеткізуді мақсат еткен ерліктерін ешкім естен шығармайды. Олардың қатарында болған бүгінгі желтоқсаншылардың  патриоттық сезімдері мен ел мен жерге деген кіршіксіз махаббаттары, ұлтқа деген шүбәсіз адалдықтары бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиенің жолы, нағыз үлгі.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау сол кездің солақай саясатының көлеңкесінде жүзеге асырылды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 жылы шыққан Кеңес билігінің қаулысымен желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Ерекше ерлігімен желтоқсан оқиғасының батыры ретінде тарих беттерінде мәңгі қалған  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова сынды небәрі 16 -18 жастағы бойжеткен қыздар мен бозбала жігіттер құрбан болды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Егемендік дәуірінің тағы бір парағы ел шежіресіне еніп, тарих таспасына жазылды» деп жақсылыққа жорығаны бар еді. Егемендігіміздің жаңа парақтары жыл сайын ашыла берсін! Тарихымыздың таспасына еліміздің тек жетістігі мен жемісі жазылсын! Жақсы күндерде бас қосайық! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…