Басты бет Спорт ЖАС ЧЕМПИОН

ЖАС ЧЕМПИОН

0
1,039

Ауданымызда өзге салалармен қоса спорт саласы да айтарлықтай қарқынды дамып келе жатыр. Өскелең ұрпақтың саламатты өмір салтына жақын, зиянды әдеттерден аулақ болуы үшін барынша спортқа құмарлығын арттыруымыз керек. Осы бағытта ерінбей еңбек етіп, жас буынды спортқа баулып жүрген азаматтар аз емес. Соның бірі – бойында спортқа деген титтей де болса қызығушылығы бар балаларды жаттығу залына қолынан жетелеп әкеліп жүрген Абдуллаев Қуаныш. Ережесіз жекпе-жек спорт түрінен болашақ чемпиондарды жаттықтырып жүрген Қуаныштың осы жолы еңбегі жанып, шәкірті Қазастанның чемпионы атанды. Бұл оның ғана емес баршамыздың ортақ қуанышымыз болды. 15 жасар Аманбакиев Данияр Қарағанды қаласында өткен «ММА» спорт түрінен 52 кг салмақ дәрежесінде  бақ сынасып, Қазақстан чемпионы болды. Осылайша ауданнан кезекті спорт дүл-дүлдүлдері шығып жатыр. Жас спортшы енді Азия чемпионатына дайындықты бастап кетті. Осыға дейін де бапкері Қуаныштың еңбегімен аралас жекпе-жек спорт түрінен Алматы облысының чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ «Jeet Kune Do» спорт түрінен «Азияның үздік жауынгері» атағымен марапатталған болатын.

Бапкері мен шәкіртінің ұзақ жылдар бойғы боз кілемге төгілген тері ақталып, әлемді бағындырған чемпион болсын дейміз!

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…