Басты бет Спорт ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТОП ЖАРҒАНДАР

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТОП ЖАРҒАНДАР

0
1,017

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан  жасөспірімдер арасында Алматы облысының кубогы өтті. Мыңдаған жылдық тарихы бар, ой-өрісіңді дамытып, қабілетіңді ашатын зияткерлік ойын саналатын тоғызқұмалақ бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жақсы дамыған. Соның айқын белгісі болар, бұл жарысқа да Алматы олысының 8 ауданынан жүзге тарта жасөспірім балалар қатысып, бақтарын сынады.

Жасөспірімдер арасында Алматы облысының кубогының ашылу салтанатында сөз алған Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы КММ-ның директоры Ержан Айдарханов спортты серік еткен жасөспірімдерге сәттілік тілеп, ұлттық өнерді, ұлттық спортты дамытуға үлес қосып жүрген жандарға алғысын білдірді.

Ғасырлардан ғасырларға жалғасып, бүгінгі күнге жеткен тоғызқұмалақ ойыны – ұлттық құндылықтарымыздың бірі де бірегейі. Оны дамыту бүгінгі буынның парызыекенін айтқан шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айнеков Мерей Асқатұлы да осындай шараның ұйымдастырылуының да жайдан-жай еместігіне тоқталды.

Екі күнге созылған додада шын мықтылар топ жарды. Қыздар арасындағы командалық есепте бірінші орынды Қарадаланың, яғни Ұйғыр ауданының тоғызқұмалақшылары иеленді. Ал екінші орынды Жамбыл ауданынан келген қыздар қанжығаларына байласа, үшінші орынды Еңбекшіқазақтың жасөспірімдері еншіледі.  Ұлдар арасындағы командалық есепте Жамбыл ауданының намысын қорғаған жігіттер жеңіс тұғырына қонды. Ал Қарадаланың қырандары екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікке қарасайлық ұлдар енді.

Жекелей сында да Ұйғыр, Қарасай, Жамбыл, Іле, Кеген аудандарының жасөспімімдеріүздік ойын өрнегін көрсетті. Олардың шеберліктері, жеңіске деген талпыныстары көптің көңілінен шықты. Үздіктер мен жеңіске қол жеткізген жасөспірімдер арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар бірінші орын алған жеңімпаздар Петропавлда өтетін республикалық кубок жарысында облыс намысын қорғайтын болады. Олардың арасында біздің ауданнан Айсенім Халық пен Ақмаржан Нұрболқызы есімді тоғызқұмалақшы қыздарымыз бар. Тоғызқұмалақта топ жарған өрендердің жеңісті күндері көп болғай!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

   Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің спорт залында «Алматы облысының оқу-ағарту жән…