Басты бет Басты ақпарат Мәжілісте отбасылық-турмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы кері қайтарылды

Мәжілісте отбасылық-турмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы кері қайтарылды

0
2,443

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады.
Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді. Ол бойынша елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды.

Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау»-, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады.
Қазір заң жобасында Парламенттен басқа 55 ұйым жұмыс істейді. Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алды. Яғни, құжат заңды күшіне әлі енген жоқ.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҮЛГІЛІ АУЫЛ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан Республик…