Басты бет Ақпарат ағыны Коронавирус індеті

Коронавирус індеті

0
2,492

          Коронавирус індетіне  шалдығып, емделіп шыққан науқастардың ағзасынада ұзаққа созылатын жағымсыз салдары болады, тіпті сауыққаннан кейін де олар ұзақ мерзімді реабилитацияны қажет етеді. Қазақстанда мемлекеттік деңгейде арнайы сауықтыру –қалпына келтіру бағдарламасы Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру жүйесінде қарастырылған.

Сондай науқастардың бірі-Талдықорған қаласының тұрғыны Серік Ерғалиұлы,47 жаста. Covid-19 шалдығып, дер кезінде Облыстық Жұқпалы Аурулар Ауруханасында 75% өкпенің вирустық зақымдалуымен ем алып шықтым,-деп әңгіме өрбітті. Қандағы қант деңгейі көтеріліп,эндокринолог маманына жүгіндім. Учаскелік дәрігерім мені қарап, қажетті тексерулер қорытындысы нәтижесінде,коронавирустық жұқпадан кейін ағзам қалпына келу үшін мені реабилитацияға Облыстық фтизиопульмонологиялық диспансер жағдайында стационарлық оңалтуға жатып шығуға кеңес беріп,жоспарлы түрде жолдамамен жіберді. Диспансерде өте жоғары деңгейде маған : Массаж,физиопроцедуралар,тыныс алу жаттығулары ,қымызбен емдеу,тұзды шахта,ингаляциялық процедуралар, арнайы дәруменге байытылған тағам түрлерімен кешенді оңалтудан өттім. Мен мемлекеттің халық мүддесі үшін жасап отырған бағдарламасы аясында берілген мүмкіндік үшін ақ халатты абзал жандарға шексіз алғысымды білдіремін,-деп ризашылығын білдірді.Осы ем үшін, ақы төлеген ӘМСҚ КеАқ Алматы облысы бойынша филиалына да мың алғыс. МӘМС қатысушысы болғанымның орасан зор пайдасы көп.Одан бөлек,өкпенің компьютерлік томографиясынан да еш кедергісіз өттім. Қазіргі таңда Көксу аудандық ауруханасында қант диабеті жөнінде дәрігерлердің жіті бақылауындамын. МӘМС аясында тегін амбулаторлық дәрі –дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырмын.Коронавирустық жұқпадан стационарлық оңалтудан шыққан соң емхана жағдайында антикоагулянттық дәрілер алып қабылдадым. Қан сараптамаларын да бақылауда ұстап отырады. Менің тілегім,реабилитация туралы халық көбірек білсе деген. Дені саудың жаны сау.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…