Жыл басы саяси оқиғаларға толы басталды. Ең бастысы Мәжіліс, мәслихат депуттарының сайлауы өтті. Жаңа құрам белгілі болды. Олардың басым көпшілігі жастарды құрады.
Өткен жылдың 23 қыркүйегінде Парламент Мәжілісіне депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдап, бірауыздан мақұлдаған болатын. Алайда аталған заң жобасындағы бірқатар баптар мен тармақтарға қатысты қоғам белсенділері қайратты қарсылық танытып, қызу талқылау жүргізіп жатыр. Тіпті онлайн-петиция ұйымдастырып, көшеге шыққандардың, қарсылық білдірушілердің қатары да көбейіп жатқаны рас. Ресми мәліметке сенсек өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елімізде құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта шағым келіп түсіпті. Оның 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалса, 30 мыңға жуығы әкімшілік іс санатына жатқызылған. Ал қалған жағдайда жәбірленушілер шағымнан бас тартқандықтан құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдана алмаған көрінеді. Түскен 130 шағым 8 айдың ішінде келген. Оның үстіне көп жағдайда полиция қызметкерлері отбасындағы қатыгездерге қатысты қандай да бір шара қолдануға қауқарсыз болып жатады. Себеп – сүйене қоятын тиісті заңның жоқтығы. Әрине соңғы кездері әлеуметтік желілерде күйеуінен таяқ жеген, бет-аузы көгерген, зорлық көрген әйелдерлің бейне жазбалары да көбейіп тұр. Осындай нәрселерді реттейтін құқықтық нормалар елімізде мүлдем жоқ дей алмаймыз. Қолданыстағы заң нормалары көбіне болған оқиғалар мен солардың салдарын анықтауға негізделген. Сондықтан да болар бұл жобаның қоғамда белсенді талқылануы. Заң жобасына қарсылық ашынумен ғана аяқталмайтын сияқты. Петицияға шыққандарды қолдаушылардың қатары көбеюде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі петицияға немқұрайды қарауға болмайтындығын ескертті. Заң жобасына қарсылық танытып, сыни көзбен қарап жатқандардың сөздерінің жаны бар. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді. Ол бойынша елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасына 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды. Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша өзекті мәселелер кеңінен талқынауы тиіс. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерін ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», – деп жазды Мемлекет басшысы. Заң жобасы кері қайтарылып, палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылданды. Парламенттен басқа 55 ұйым жұмыс істейді. Құжат заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан алдын ала дабыра етпей, байбалам салмауымыз керек. Мемлекет басшысының өзі араласқан соң оңды нәтиже болары анық. Елдің пікірі еленіп, халықтың ойы назарға алынғандықтан бұл заң жобасы қайта қаралатын болды. Яғни көптің көкейіндегі мәселе қараусыз қалмайтындығына нақты дәлел болды.
Баян МАМЫРБАЕВА