Басты бет Әлеумет ЖЕТІСУЛЫҚ АРМАН ӘШІМОВ ММА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ЖЕТІСУЛЫҚ АРМАН ӘШІМОВ ММА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

0
1,841

Жекпе-жек шебері Арман Әшімов Санкт-Петербургте өткен M-1 Challenge 87 аралас жекпе-жек турнирінде уақытша чемпион атағын жеңіп алды. Спортшы 2-ші раундта финдік Микаэль Силандерді нокаутқа жіберіп, ең жеңіл салмақ санатында жеңіске жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Арман Әшімов Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында дүниеге келген. Жетісулық жас спортшы қазір ММА спортынан Қазақстан чемпионы. Нұрлан Аманқұловтың қоластында жаттығатын Арман Әшімов 2017 жылы жарқ етіп көзге түскен еді. Ол сол жолы жеңіліп көрмеген Гаджимурад Алиевті сұлатып салған. Екінші жекпе-жегі бразилиялық Родриго Мелонионмен өтіп, нокаутпен жеңген.

«Бұл жеңіс тек менің ғана жеңісім емес, бүкіл қазақ елінің, жерінің жеңісі. Алда талай үлкен белестерден асамын деген сенімдемін», — дейді А.Әшімов.

Енді Әшімов чемпион Александр Доскальчукпен кездеспек. Осы кездесуде жиынға қатысушылар сәттілік тілесті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…