Басты бет Өңір тынысы ШОНЖЫДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ БАР

ШОНЖЫДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ БАР

0
1,349

Өткен жылы шонжылықтар үшін жемісті болып, талай шаруалардың басы қайырылыпты. Істелген істер де, атқарылған жұмыстар да біршама көрінеді. Бұл турасында Шонжы ауылының 2017 жылға арналған даму жоспарының қорытындылары туралы ауыл әкімі Адылжан Кұрбаниязовтың тұрғындар алдында берген есебінде толығымен баяндалды.

Нақтырақ айтқанда, ауылдық округ аумағында егін шаруашылығы бойынша жүгері – 700,  арпа – 100,  майлы дақылдар – 30,  көкөніс – 145, бақша өнімдері – 15, картоп – 24 гектар болса, тамшылатып суғару әдісімен 84,1 гектар бақ отырғызылыпты. Мал шаруашылығын дамытуда 12 шаруа қожалығы 87 бас асыл тұқымды мал сатып алған. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытуда ауылдан шыққан кәсіпкерлер бірінен соң бірі белсенділік танытып отырған көрінеді. Олардың саны қазіргі таңда 1780-ге жеткен.  «Нұрлы жер» бағдарламасының негізінде ауылға өткен жылы 2 млрд.  211 мың теңге бөлініп, мыңға жуық азаматқа тұрғын үй құрылысына жер бөліп беруге дайындық жұмысы да жүргізілу үстінде. Сол сияқты ауылдағы 12 көшеге асфальт төселсе, бүгінде тағы 13 көшені орташа жөндеуден өткізу жұмысы басталған. Ауылды көркейту, көгалдандыру негізінде көшет отырғызу да жыл санап артып келеді.  Оған дәлел былтырғы жылы ауыл ішіне жалпы 164 дана шырша, 164 дана қарағай көшеттері отырғызылған. Ауылды түнгі жарықпен қамтамасыз ету жұмысы да жоспарға сай орындалған. Жұмыстың жүргізілу барысына қарай проблемалық мәселелер де жетерлік. Атап айтқанда, күл-қоқыс төгетін алаңның құжаттарын заңдастыру, Шонжының оңтүстік шығыс жағындағы көшелерге коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізу, арықтарға латок қою, қылмыстың алдын алу мақсатында ауыл көшелеріне бейнебақылау камераларын орнатуды аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып шешу. Жоғарыда аталған мәселелерді тізбектеген ауыл әкімі өткен жылғы есебінен кейін 2018 жылға арналған орта мерзімді жоспары жайында да ақпарат беріп өтті. Бұдан кейін аудан әкімі Шухрат Нурахунов ауданның 2017 жылға арналған даму жоспарының қорытындысы жөнінде есебін берді. Ең алдымен Елбасының Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы ұрпақ тәрбиелеу, білім сапасын арттыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы айтқан бағыттарына тоқталды. Сонан соң ауданның экономикасын көтерудегі істерді жіпке тізіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын нақты цифрлармен айқындады. Ауылшаруашылығы бойынша «Алтын асық», «Сыбаға», «Құлан», бақ отырғызуда «Апорт», мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуде «Балапан» бағдарламаларының жоспарға сәйкес орындалғанынан хабар берді. Ал үстіміздегі жылдың орта мерзімді даму жоспарына Кетпенге медициналық амбулатория, Добынға медициналық пунк салу, жылыжай көлемін арттыру, инвестиция тарту сияқты тағы да басқа бірқатар мәселелер кіргізілген. Аудан, ауыл әкімдерінің есептерінен кейін ауыл тұрғындары Шонжының оңтүстік шығысындағы ықшамауданға жарық тарту, Розыбакиев және Қасымбеков көшелеріндегі арықтарда судың арнадан асуы, ауыл көшелеріне кәріз жүйесін жүргізу, мал дәрілейтін орын жасау, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтетін спорттық шаралардан колледж студенттерінің шеттеп қалуы сияқты сұрақтарды жазбаша қойып, ұтымды жауап берілді. Одан кейін аудандық мәслихаттың депутаты Ноғайбек Дәуренбеков жаңа құрылыс орындарына жарық тарту, арықтарға күл-қоқыс төкпеу туралы мәселе қозғаса, аудандық Ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы Мырзахмет Жәмиев ауыл тұрғындарын жігітбасыларымен бірге жұмыс жасауға шақырса, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайдахмет Қасымов 40 пәтерлі үйдің маңындағы қоқыстарды жинастыру жайында пікірін білдірді. Аудан әкімі Шухрат Нурахунов Шонжы ауданның жүрегі екендігін айтып, оны көркейту, дамыту әрбір тұрғынның міндетіне балап, бар мәселенің біртіндеп шешілетіндігіне сендіріп, есепті жиынды қорытындылады. Зор сенім арқалаған ауыл тұрғындары тамаша көңіл-күймен тарқасты.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…