Басты бет Заң және қоғам ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

0
18

Алматы облысы Іле ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы мақсатта Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы су айдындарында кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырды. Іс-шара барысында демалушылар мен балықшыларға судағы қауіпсіздік қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары және табиғат аясында демалу кезінде сақталуы тиіс негізгі ережелер жан-жақты түсіндірілді.

Рейд кезінде азаматтарға жабдықталмаған орындарда суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау, су жағасында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ табиғатта от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындау қажеттігі ескертілді. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екенін атап өтті.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Іле ауданында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған түсіндіру және алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Елорда саябақтарында профилактикалық рейдтер өтіп жатыр

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидат…