Алматы облысында волонтерлік қызметті дамыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстық волонтерлердің фронт-офисінде 4 мыңнан астам тұрақты волонтер тіркелген.
«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айбек Досымбетовтің айтуынша, жыл басынан бері 300-ден астам қайырымдылық және әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, 5 мыңнан астам адам қамтылған.
«Ардагерлерді ардақтайық акциясы аясында 78 іс-шараға 500-ге жуық волонтер қатысты. Жеңіс күні қарсаңында 42 ескерткіш пен саябаққа тазалық жұмыстары жүргізілді. Рамазан айында 300 адамға ауызашар пакеттері таратылып, жолаушыларға құрма мен ауыз су ұсынылды», – деді Айбек Аяпбергенұлы.
Экологиялық бағытта «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Taza Like» акциясы аясында 1000 құс ұясы орнатылып, көшеттер егілді. Спикердің айтуынша, облыстың 9 ауданы мен 2 қаласында 600 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 300 гектардан астам аумақ тазартылған. Сонымен қатар «Игі істер марафоны» аясында 200-ге жуық қайырымдылық акциясы өткізілді.
Салалық волонтерлікті дамыту мақсатында облыстық басқармалармен, Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
«Өрт және судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шаралар тұрақты өткізіледі. Сонымен қатар, «Антиграффити» акциясы аясында жыл басынан бері 1780-нен астам заңсыз есірткі жарнамасы жойылды», – деді брифинг барысында қоғам белсендісі.
Айбек Аяпбергенұлының айтуынша, өңірлік волонтерлікті дамыту мақсатында іске асырылып жатқан жобаға облыстық бюджеттен 6 млн 250 мың теңге бөлінген. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылуда.
«Волонтерлік қызметті ақпараттық сүйемелдеу тұрақты жүргізілуде. Алдағы уақытта үздік тәжірибелерді насихаттау күшейтіледі. Халықаралық еріктілер жылы аясында Volunteer Fest, Jas Qadam жастар слеті, көшбасшылар форумы және басқа да әлеуметтік жобаларды өткізу жоспарланған. Сондай-ақ корпоративтік волонтерлікті дамыту және бизнес өкілдерін әлеуметтік бастамаларға тарту жұмыстары жалғасады», – деп қорытындылады Айбек Аяпбергенұлы.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
АЗАМАТ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың заңды құқықтарын қорғау Мемлекеттік қыз… -
АЗАМАТТАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Сұхбат беруші – Динара Әлібекқызы – Динара Әлібекқызы, Департамент тарапынан азаматтардың… -
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
– Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
АЗАМАТ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың заңды құқықтарын қорғау Мемлекеттік қыз…
